№5 жатақхана турғындарының жер сілкінісінен қорқуы

Осы болды бәрінің жыр қылғаны,

Люстралар, тербеліп сыңғырлады.

Сағат онда жеріміз сілкінед деп,

Сыртқа шықты жатақтың тұрғындары.

(more…)

Қолсағат

 

Дедің бе дүниедегі сыйлы адамым,

Ұсындың көңіліңнің қилы амалын.

Санамнан сырғыр емес сандуғаш қыз,

Қол беріп, қолсағатты сыйлағаның.

(more…)

“Жастықтың оты”

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне кеше ғана келген сияқты едік, міне төртінші курсқа да жетіппіз. Төрт курста не тындырдық? деген оймен университетте группаластарым Бауыржан Әліқожа, Ілескен Әлбатыр және менің “Жастықтың оты” атты поэзиялық кешіміз өтті. Кешке (more…)

ТУҒАН КҮНІМ қалай өтті?

Шіркін, туған күн дегенің жақсы ғой. Сынаптай сырғыған күнмен бірге менің де туған күнім келіп қапты. 22 сәуір. Туған күніме кімдер келді деп сұрасаңыз айтайын. Ең бірінші грамотасын, сосын шапанын арқалап жанында Берік Шаханов пен Бейбіт Сарыбай бар ҚР Жазушылар Одағының төрағасы (more…)

“Агент” ақындары (Әзілкеш жазба)

Қазақ әдебиеті қай заманда болмасын, түрлі дәуірге байланысты дамып, жетіліп отырған. Мысалы, біз ұлт-азаттық ақындарын, зар заман ақындарын т.б ақындарды білеміз. Дәл қазіргі кезеңде Агент ақындарының дәурені. Олар күн өткен сайын қадамын кең сілтеп, өндірте жазып жүр. Бірақ, кітапқа емес АГЕНТКЕ. Қазір көп ақындарды агент танымал етіп жүргенін де жасырмаймыз. Сонымен….

Басында бұл шоғырдың тұр www.Akberen.com,

(more…)

“Р” әрпінің әлегі

Ауылда менің  Рустем деген досым бар. Екеуміз бір партада отырып, бір мектепті тәмамдадық. Сол досымның тілі “Р” әрпіне келгенде сақауланады да қалады. Өйткені, ол “Р” әрпін өткенде сабаққа келмей қалған еді. Содан осы әріптін азабын тартудай-ақ тартты. Бір оқиға есіме түсіп тұр. Екеуміз бір күні құдыққа су алуға бардық. Бөшкеге суды толтырдым да, тәшкені өзім сүйрейтін болдым. (more…)

Махаббат көпірі

Әлемдегі ең кішкентай көпірді көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, көруге болады. Ол Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің артқы жағында. (Экономфак жақтан кірер жақ). Айтайын дегенім, сол көпір кезінде, дәурендердің қызып тұрған шағында махаббаттың тұғырына баланған көпір болыпты. (more…)

Кадры көп, қадірі аз денсаулық

Қуатты мемлекет – денсаулығын күйттеген мемлекет. Дегенмен, біз денсаулық саласын жақсартуды белгілі бір құрылымдар арқылы дұрыстаймыз десек қателік болар. Адам денсаулығын өзгерту – Жаратқаннан басқа ешкімнің қолынан келмес. Бірақ, аузымызды қу шөппен сүртіп тағы отыра алмаймыз. Осыны ескерген біздің ел басшылығы тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше министрліктің іргетасын қалаған болатын. Әсіресе денсаулық министрлігіне үкімет тарапынан басымдық беріліп, министрлер ең маңызды жұмыстың табалдырығын аттады. Содан бері он жылдан астам уақыт бедерінде 5-6 министр орынтақ ауыстырды. (more…)

“Кандидаттар квартеті”

Жуық арада Қазақстанда үлкен бір “квартет” құрылды. Бұлардың потенциалы “Жігіттер” квартетінен де мықты. Пайымдауымызша, бұл төрттік біраз репертуарды жұрт назарына ұсынбақ. Сондықтан да болар, “кандидаттар” тобы Сәуірдің 3-і күні Астана қаласында жеке “концерттерін” өткізбек. Бір айта кетерлігі төрт тарланның концертінің ойдағыдай өтуіне республикамыздың барлық тұрғыны ат салыспақшы. Енді “Квартеттің” мүшелерімен оқырман қауымды бір таныстырып өтейік. Бірінші, айтатын әндерінің сөзін көбінесе өзі жазатын,ақын. Әсіресе әндерінде “Нұр” сөзі көп ұшырасатын  - Нұрекең. Топтың екінші белді мүшесі – туғаннан бері табиғатқа етене жақын Мэлс. Үшіншісі- парламент сенаты туралы әнге басатын Ғани Қасымов деген адам. Төртіншісі – коммунистік сарында ән атқыш Жамбыл Ахметбеков.

Ия. Төртеуі енді бір үйдің баласындай артынып, тартынбай концерттерін ойдағыдай аяқтаса. Енді төрттік мүшелерінің дауыс мәнеріне тоқталайық. Нұрекеңнің дауыс жиілігі жоғары, ырғақты, әуені алысқа жетеді, оның даусын маңайында жүрген кейбір жігіттер жаңғырық етіп алысқа алып кетеді. Мэлстікі болса, оның даусы орташа. Ол әнді табиғат аясында, походта, қайықта, орманда келе жатып айтқанды ұнатады. Жақында ”Табиғат” деген әніне клип түсіріп бітті. Ғанекеңнің ән айту мәнері байсалды. Көбінесе орыс тіліндегі әндерді нақышына келтіре орындайды. Дауысы жуан, қарлығыңқы. Топ жаңадан құрылғандықтан, олардың продюсері – қазірша халық болып саналады. Біздің ойымызда бір қауіп бар. Ол топтың қаншаға дейін сақталатындығы. Бәрі концерттен кейін белгілі болады.  

Өмірдің ыстығы… немесе ыстық шәй

 

“Өмірдің суығына тоңып, ыстығына күйген”. Санаңызда таразыласаңыз бұл екі ауыз сөздің астарында талай философия жатыр. Кейбір кісілер осы өрісті сөзді түсінбейді, анығы түсінгісі келмейді. Оларға тағдыр өзі түсіндіреді.

Менің Ілескен деген досым бар. (more…)

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.