Президенттер додасында кім жеңеді?
Тәулік сайын ақпаратпен тыныстайтын дүбірге толы дүниенің бағытын бақсақ, түрлі жаңалықтарға көз тоқтатамыз. Әсіресе еліміздің дамуына белгілі бір жағдайда ықпал ететін көрші мемлекеттерде болып жатқан саяси үрдістерді таразылай отырғанымыз артықтық етпес. Соның бірі – жуырда Мәскеуде өткен «Единая Россия» партиясының съезі. Аталмыш басқосуда (more…)
«Қазақстан темір жолы»: ұтылыс пен ұмтылыс
Ыбырай Алтынсариннің «Аты жоқ құр арбаны мың шақырым жерлерге, күн жарымда барғызды» дегеніндей, техникасы мен технологиясы барынша дамыған мемлекеттердің көзқуанышына ғана емес, экономикасының күретамырына айналып отырған теміржол саласы еліміз үшін зор мүмкіндіктің ошағы іспеттес. Батыстан шығысқа, оңтүстіктен солтүстікке қарай (more…)
Азамат Қасымның біртүйерлері
«Атамекенді» жатқа білмейтін жандардан қорқам…
***
Бұрын Алматы арықтарымен апорт ағып бара жататын. Қазiр бос бөтелкенi көресiң.
***
Осыдан бірер жыл бұрын ұлттық университеттiң диплом қорғауына қатыстым. (more…)
Әйелі жоқ еркектер
Қазақта «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Екі жарты бас қосса, бүтінделер түңлігің» дейтін аталы сөз бар. Бұған қоса «Он үште – отау иесі», «Атқа мінген ер жігіт шолпысы бар қыз таңдар» дейтін де мәні зор сөз қалдырған халықпыз. Содан да ма, кім білсін, әйтеуір «Тең теңімен, тезек – қабымен» дегенді малданып ержеткен ұлымызды аяқтандыруға, бойжеткен аруымызды құтты орнына қондыруға асығамыз.
Сонымен (more…)
Ауыл шаруашылығы ауыр шаруашылық па?
Ауылшаруашылығы қазақтың қазақ болып өніп-өскен кезінен бергі кәсібі бен нәсібі. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған бір жылғы Жолдауында: «Біз әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін (more…)
Бетке бет бағдарламасын білесіз бе?
Көк жәшіктегі журналист Берік Уәлидің бетпе-бет бағдарламасын көрген боларсыз. Онда екі адам бір-біріне қарама қарсы отырып, әр алуан мәселелерді қозғайды. Менің айтпағым, Берік Уәлидің бағдарламасын мүлде ұқсамайтын БЕТКЕ БЕТ бағдарлмасы. (more…)
Апамның етігі және Жан Клод Ван Даммның тәсілі
Сіздерге бір қызық айтып берейін. Бұрын ауылда мектеп оқып жүргенде төбелестен басқа не білуші едік. Жүретінбіз бет жыртысып, киім жыртысып. Сөйтіп жүріп өзімізбен өзіміз төбелесуден де шаршадық. Бір күні ауылымызға Семейден бір бала келіпті деп естідік. Бәрі аң-таң. Біреулер әлгі баланың Джеки Чан секілді төбелесетінін айтып жүр.
Бір күні (more…)
Үшін…
Жаңа өмір өткеру үшін.
Мен саған беттегім келді,
Сен менен кетпеуің үшін.
Келмейді көлемге сыйғым,
Ойымды билеуім үшін.
Мен сені өлердей сүйдім,
Сені ешкім сүймеуі үшін.
Шабақтардан жөн сұрау
Ілияс туған Ақсуға қадам баспақпын…
Мінеки, достар Тағаланың бұйрығымен Ақсу өлкесіне, (Талдықорған) баруға жол түсіп тұр. Мұнда ертең Ақсу мен Ілияс Жансүгіровтердің дүбірлі тойлары дүркіреп өтпекші. (more…)


Соңғы пікірлер